Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерімен танымдық сынып тәрбие сағаты өтті

25 қазан Республика күні қарсаңында Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерімен танымдық сынып тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты өскелең ұрпаққа Мемлекеттік Рәміздерді таныстыру және оларды қастерлеу, Отансүйгіштікке, достық пен татулыққа тәрбиелеу. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру Сынып жетекшісі: Жарылкаганова Қамар

Толығырақ

24.10.2024 в 11:02 Пікір жоқ 71 қаралды

“Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп” КММ-ның әкімшілігі ZOOM приложениясы арқылы ата- аналар жиналысын өткізді

Бүгін 23.10.2024ж сағат 16:00 де “Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп” КММ-ның әкімшілігі ZOOM приложениясы арқылы ата- аналар жиналысын өткізді. Жиналыстың мақсаты: мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. Жиналыс барысында кешкі сағат 20: 00 ден кейін көшеде жүрмеуін қадағалау, буллинг туралы айтылды. Оқушылардың күзгі демалыс кезінде уақытын тиімді пайдалу туралы ұсыныстар берілді.

Толығырақ

23.10.2024 в 11:41 Пікір жоқ 81 қаралды

«Дарынды балаға -талантты ұстаз» байқауының аймақтық кезеңі болып өтті

2024 жылдың 22қазан күні Қарасай ауданындағы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде  жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін өзі дамыту үшін жағдай жасау;білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаға -талантты ұстаз» байқауының аймақтық кезеңі болып өтті.Байқауды АББ әдіскері Ж.Ж. Мұратқызы ашып беріп, жас мамандарға сәттілік тіледі. Әділқазы мүшелерінің шешімімен «Дарынды балаларға -талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының аймақтық кезеңі жеңімпаздары анықталып: 🥇-дәрежелі диплом, Батан ОМ тарих пәні мұғалімі Баубекова Асем 🥈-дәрежелі диплом, Алмалыбақ ОМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асетқызы Ақтолқын 🥉-дәрежелі диплом, Жамбыл №2 ОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Тоқтағанова Айгерим «Креативті педагог» номинациясымен: Сайранова Балнұр Қошмамбетов атындығы жайлы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «Зерделі педагог» номинациясымен Тулкибаева Арайлым Қошмамбетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі «Ізденімпаз педагог» номинацясымен Ниетбаева Камшат Макаренко атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Толығырақ

22.10.2024 в 11:36 Пікір жоқ 81 қаралды

Алтын күз - береке

Оқушыларымның жүрегінен орын алып, алтын күз бен мектепке деген сағыныш сезімін байланыстыра шырқаған осы бір “Алтын күз - береке” әні жарыққа шығып, көпшіліктің құрметіне бөленер деген ойдамын. Әні: Е.П.Крылатовтікі Сөзін жазған: Г.И.Маханова “Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі” КММ нің бастауыш сынып мұғалімі

Толығырақ

22.10.2024 в 11:30 Пікір жоқ 68 қаралды

21-қазан Республика күніне орай 3 «Ғ» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті

21-қазан Республика күніне орай 3 «Ғ» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқшыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, оқушыларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: А.Хасенова

Толығырақ

22.10.2024 в 11:14 Пікір жоқ 74 қаралды

5-11 сынып оқушыларымен 19 қазан – Құтқарушылар күні тақырыбында сынып сағаттыры өтті

Бүгін мектебімізде 21.10.2024ж 5-11 сынып оқушыларымен 19 қазан – Құтқарушылар күні тақырыбында сынып сағаттыры өтті. Сынып сағатының мақсаты: 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан Құтқарушылардың еңбңгімен таныстыру. Мектебіміздің білім алушыларына төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін, қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайтынын түсіндіру еді. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсету оңай іс емес екенін түсіндіру.

Толығырақ

22.10.2024 в 11:10 Пікір жоқ 64 қаралды

«25 қазан Республика күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті

Бүгін 2024 жылдың 21 қазанында «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ да Республика күніне орай «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен «25 қазан Республика күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Қазақстанның тәуелсіздік тарихын насихаттау және еліміздің ұлттық құндылықтарына құрметпен қарауды үйрету болды. Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздігіне байланысты әндер шырқап, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы ақпараттар берілді. Қазақстан тарихына деген құрметті нығайтып, ұрпақтың отаншылдық сезімін оятуға үлкен үлес қосты.

Толығырақ

21.10.2024 в 11:05 Пікір жоқ 81 қаралды

Мектеп президентін сайлауы өтті

Бүгін 19.10.2024ж мектебімізде Мектеп президентін сайлауы өтті. Сайлауға мектеп ұстаздары, білім алушылары белсене қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мектеп президенті сайланып, білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту бойынша «Мектеп парламенті» құрылды. Мектеп президентіне үміткер 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат 9 «Г» сынып оқуушысы Сәрсенгалиева Жансая сайлауға түсті. 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат 596 дауыс жинап жеңіске жетсе 9 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Насихат 108 дауыс, 9 «Г» сынып оқуушысы Сәрсенгалиева Жансая 102 дауыс жинады. 9 «Ә» сынып оқушысы Қайрат Жанболат 596 дауыспен Мектеп президенті болып тағайындалды. 7 нед. Фото профиля koshmambetov_om_news 🔵 Мектеп парламентінің жетекшісі педагог ұйымдастырушы Джумаханова Айгерім Азимханқызы тағайындалды. 🔵 Мақсаты: Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. 🔵 Міндеттері: - білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру; - ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру; - әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту; - өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту. 🔵 "Мектеп парламенті" жобасында 8 фракция құырылып, жоспар құрып, жұмыс жасайды. Олар: ▪️Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология); ▪️Қамқорлық фракциясы (еріктілік); ▪️Дебат қозғалысының фракциясы; ▪️Құқық және тәртіп фракциясы; ▪️Ақпарат фракциясы; ▪️Спорт және салауатты өмір салты фракциясы; ▪️Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркемшығармашылық); ▪️Экология және еңбек фракциялары.

Толығырақ

21.10.2024 в 11:00 Пікір жоқ 80 қаралды

SDU University мекемесіне профориентациялық экскурсия жасап қайтты

18.10.2024 ж мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Нышанов Алмас ағайдың ұйымдастыруымен 11- сынып білім алушыларының білімге деген қызығушылығын арттырып, университеттің тыныс тіршілігімен таныстырып, университеттің профессорларының жұмысымен таныстыру және жоғарғы оқу орнына түсуге бағыт - бағдар беру мақсатында SDU University мекемесіне профориентациялық экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында оқушылар қызығушылық танытып, өткізілген тренингке белсенді қатысып, өз ойларымен еркін бөлісіп қайтты. Университет мамандары біздің оқушыларымызға дайындаған сыйлықтарын тапсырып бір -бірлеріне алғыс білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен қайтты

Толығырақ

19.10.2024 в 10:50 Пікір жоқ 77 қаралды

Choose Color