Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

9-шы сынып жетекшілері оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсеті

9-шы сынып жетекшілері үйымдастыруымен оқушыларға кәсіптік таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету, өмір туралы, мамандықтар туралы, алдағы уаытта мамандықты таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын арттыру, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мен қатар болашақ мамандық таңдауға көмек бере отырып, Қазақстан аумағындағы университеттермен таныстыру мақсатында 9-шы сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Толығырақ

03.11.2024 в 11:44 Пікір жоқ 69 қаралды

“Қазақстан - менің Отаным” атты суретшілер мен қолөнершілер байқауы ұйымдастырылды

01.11.2024 күні,Қ.Қошмамбетов атындағы ОМ-де “Қазақстан - менің Отаным” атты суретшілер мен қолөнершілер байқауы ұйымдастырылды. Байқау мақсаты - күзгі демалыстағы оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық қабілеттерін арттыру және оларды елін, Отанын сүйетін, туған жерін қорғайтын патриотты азамат болуға тәрбиелеу.

Толығырақ

03.11.2024 в 11:39 Пікір жоқ 69 қаралды

6 сыныптар арасында “Кітаптар әлемінде” атты іс-шара болып өтті!

Біртұтас тәрбие жоспары бойынша 1.11.2024 ж 6 сыныптар арасында “Кітаптар әлемінде” атты іс-шара болып өтті!Атаулы іс-шараға 6 сыныптар арасында 8 топ катысты.Іс-шара екі кезеңді қамтыды. 1ші кезеңде оқу бағдарламасына сәйкес өткен “Аяз би” ертегісі бойынша сұрақ жауаптар болды. 2 ші кезеңде осы уакытка дейін оқыған кез-келген шығарманың кез-келген эпизодын алып оны қағаз бетіне түсіру,эпиоздқа тақырып қою және мазмұндау болды. Әр кезең бойынша топтарды бағалап отырды.Іс-шараның қорытындылай келе 6 д -1 орын 6 Ғ -2 орын 6 Г -3 орын Сыныптар мақтау грамотасымен марапатталды.

Толығырақ

03.11.2024 в 11:36 Пікір жоқ 65 қаралды

”Білім сапасын арттыру және оқушыларды ынталандыру бойынша мұғалім жұмысы”шеберлік сағаты болып өтті

29 қазан күні *”Білім сапасын арттыру және оқушыларды ынталандыру бойынша мұғалім жұмысы”* тақырыбында барлық әдістеме бірлестік арасында тәжірибе алмасу шеберлік сағаты болып өтті. *Мақсаты* – оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту, олардың қызығушылықтарын ояту және оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Іс шара барысында ұстаздар жаңа әдіс тәсілдермен бөлісіп, жасанды интеллектпен және заманауи платформаларды сабақ барысында пайдаланудың тиімді тұстарын көрсетіп, практика жүзінде жұмыстар жүргізілді.

Толығырақ

01.11.2024 в 11:32 Пікір жоқ 69 қаралды

«Біз біргеміз" тақырыпта ерекше білімді қажет ететіy мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Бүгін 25 қазан Республика күніне орай мектеп психологтарымен арнайы педагогтың ұйымдастыруымен «Біз біргеміз, бұл біздің күшіміз» тақырыбында ерекше білімді қажет ететін оқушылармен мерекелік іс - шара және ойын жаттығулары ұйымдастырылды. Мектеп психологы А.Бутабаева, А.Сейтжан және арнайы педагог С.Реулова

Толығырақ

25.10.2024 в 11:17 Пікір жоқ 69 қаралды

«Республикам - Мақтанышым!» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өтті

24.10.2024ж 25 қазан - Республика күніне орай мектепалды даярлық тобының оқушыларымен «Республикам - Мақтанышым!» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өтті. Бүлдіршіндермен еліміздің рәміздерін дәріптеу мақсатында мемлекеттік рәміздер атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: тәуелсіз еліміздің патриоты болуға, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Толығырақ

25.10.2024 в 11:06 Пікір жоқ 72 қаралды

07.10-31.10.24ж аралығында рейд кестесімен, мектеп басшысымен бекітіліп, күнделікті рейд жүргізілуде

«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023ж 31 тамыздағы 748 қаулысы негізінде мектепішілік № 231 бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, құрылған жоспар негізінде рейдтер ұйымдастырылуда. Балаларды зорлық - зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету мақсатында 07.10-31.10.2024ж аралығында рейд кестесі құрылып, мектеп басшысымен бекітіліп, күнделікті рейд жүргізілуде. Рейд уақыты кешкі 20.00 мен 23.00 аралығында жүргізілуде. Сынып жетекшілер күнделікті ата - аналарға білім алушылардың кешкі 20.00 ден кейін көшеге шықпаулары туралы ескертіп отырады. Күнделікті рейд жұмысының анықтамалары толтырылып, рейд атқарған ұстаздар оқушыларды анықтап, дүкенге барған, қосымша кешкі жаттығулардан қайтқан оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Толығырақ

24.10.2024 в 11:54 Пікір жоқ 96 қаралды

Республика күніне орай 2 “Д” сынып оқушыларымен Қазақстан-Республикам менің! тәрбие сағаты өтті

24.10.2024ж 25-қазан Республика күніне орай 2 “Д” сынып оқушыларымен Қазақстан-Республикам менің! тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Мемлекеттік тілді білу және құрметтеу. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және өз еліне сүйіспеншілік таныту;

Толығырақ

24.10.2024 в 11:49 Пікір жоқ 75 қаралды

Choose Color