Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Дарын ғылыми зерттеу байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы,облысқа жолдама алған

Дарын ғылыми зерттеу байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы,облысқа жолдама алған Сариева Салтанаттың жетекшілігімен, Сәрсенғали Ерланның жұмысын мектеп директоры Б.К.Куанышева, және ДОІЖО мен ДӘІЖО «Архитектурадағы математика» тақырыбындағы жобаның дайындығын тексеріп, кем-кетік жерлерін толықтырып, бағыт-бағдар беріп, облыстық кезеңнен жеңіспен оралуына сәттілік тіледі.

Толығырақ

09.11.2024 в 12:03 Пікір жоқ 66 қаралды

Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде мектепішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті

Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде мектепішілік ғылыми жобалар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: Дарынды,талантты жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау. Оқушылардың жұмыстары сараптамалық кеңестен өтіп,ерекше жұмыстар арнайы аталып өтті.

Толығырақ

09.11.2024 в 11:57 Пікір жоқ 65 қаралды

“Жас келсе іске!”

“Жас келсе іске!” дегендей әрбір жас маман келгенде жаңа буын, серпіліс, алға қарай жылжу пайда болды деп ұстаздық көмегімізді көрсету негізгі мақсатымызға айналғалы бері мектебіміз білім көгінде ерекше орынға ие болуда! Оқу бағдарламаларында ерекше баса назар аударған құндылық мәселесі қашанда құнды екенін, құндылықты алдымен ұстаздарымыз бойына сіңіріп алса, білім берген шәкірттеріміз де ұстаздарымыздан озары хаһ. Осы мақсатты негізге ала отырып өткен тренингтің жас мамандарға берері мол болды.

Толығырақ

08.11.2024 в 11:53 Пікір жоқ 62 қаралды

“ҰБТ- дегеніміз не және оның біз үшін маңыздылығы қандай?”

Тақырыбы: “ҰБТ- дегеніміз не және оның біз үшін маңыздылығы қандай?” Бүгін мектебіміздің 11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында 1 сынақ тестілеуі бойынша талдау нәтижелерімен таныстыру мақсатында жиналыс өтті.Сондай-ақ 11 сынып оқушыларына 2024-2025 оқу жылындағы ҰБТ- дегі өзгерістері туралы таныстырылым жұмысы көрсетілді.Жиналыс мақсаты білім алушылардың таңдаған бағыты бойынша бағыт-бағдар беру, қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.ҰБТ- білім сапасының басты көрсеткіші және оқушылардың болашағы екенін ата-аналарға түрлі таныстырылымдар мен тренингтер арқылы түсіндірілді.

Толығырақ

08.11.2024 в 11:49 Пікір жоқ 67 қаралды

«Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу - тұлға қалыптасуының негізі»

Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу...» «Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу - тұлға қалыптасуының негізі» тақырыбында 9 сынып ата -аналарымен кездесі өтті. Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының жас және әлеуметтік ерекшеліктері. Позитивті ата –ана тәрбиесі - жоғарысынып оқушысының өз болашағын өз бетінше құруға қалауы мен қабілетін қолдау. Тұлға дамуының негізі –өз бетінше әрекет ету. Ұлттық этика негізінде заман талабына сай өзін –өзі тәрбиелеу. Ұйымдастырушы 9 сынып жетекшісі: А.Маханова

Толығырақ

08.11.2024 в 11:46 Пікір жоқ 70 қаралды

«Жасөспірім және нашақорлық» тақырыбында 9 сынып ата-аналарына арналған кездесу/ коучинг өтті

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» білім алушыларды қоғам болып тәрбиелеу мақсатында Наркологиялық бекеттің жылдық жоспарына сәйкес «Жасөспірім және нашақорлық» тақырыбында 9 сынып ата-аналарына арналған кездесу/ коучинг өтті. Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында қатысқан ата-аналарға тақырып бойынша қойылған мәселені қоғам, отбасы және адам үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуге жағдай жасау және өскелең ұрпаққа қатысты белсенді тәрбиелік ұстанымды белгілеу болатын. 9 сынып жетекшілері: Г. А. Топетова; С. Купжурсинова

Толығырақ

08.11.2024 в 11:40 Пікір жоқ 65 қаралды

6 «Е» сынып оқушыларымен танымдық тәрбие сағаты өтті

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарына сәйкес Ақын, қолбасшы Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл (1804-1846) толуына байланысты 6 «Е» сынып оқушыларымен танымдық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығынан тереңірек мәлімет бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, шығармаларын тарихи құндылық ретінде қабылдауға жетелей отырып, оқушылардың бойында ақын, қолбасшының шығармалары «Мен мен едім, мен едім», «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғұш құс», «Жалғыздық» өлеңдері мен танысып және елінің тәуелсіздігі жолында өз өмірін арнаған тұлға екендігінің түсінуге жағдай жасау және өскелең ұрпаққа өзгеріссіз жеткізу еді. Тәрбие сағаты барысында білім алушылар 1836-1838 жылдар аралығында Бөкей ордасындағы шаруалар бастаған Ұлт азаттық көтерілістің жетекшісі Махамбет Өтемісұлының және Исатай Тайманұлының ерліктері туралы мәлімет алды. 6 сынып жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Игілік. Асем

Толығырақ

08.11.2024 в 11:36 Пікір жоқ 59 қаралды

“Зиянды әдеттердің алдын алу” тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды

06.11.2024 күні мектебімізде “Зиянды әдеттердің алдын алу” тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы мағлұматтар бере отырып,олардан бойын аулақтату болды. 5 сынып оқушылары өз қиялдарындағы суреттерін салып, белсенділік танытты.

Толығырақ

06.11.2024 в 11:33 Пікір жоқ 70 қаралды

"Түркі ғалымы Махмуд Қашқаридің туғанына 995 жыл" толуына орай сыныптан тыс іс - шара өтті

Бір тұтас тәрбие бағыты аясында "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі"КММ-де "Түркі ғалымы Махмуд Қашқаридің туғанына 995 жыл" толуына орай сыныптан тыс іс - шара өтті. Шараны тарих пәнінің мұғалімі Гулбану Жуматаева 11 "Ә" сыныбымен өткізді. Іс шараның мақсаты: оқушыларға Түркі ғұламасы Махмуд Қашқаридың өмірі, түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеудегі ұлы тұлғаны ұлықтау. Шара барысы танымдық және сайыспен жалғасты. Оқушылар үш топқа бөлініп тақырыпқа қатысты ойларымен бөлісе отырып тапсырмаларды белсене орындады.

Толығырақ

05.11.2024 в 11:30 Пікір жоқ 94 қаралды

“ДосболLIKE” достық қолын ұсын акциясы

“ДосболLIKE” достық қолын ұсын акциясы. Акцияның мақсаты −достықты сақтай білу, бір-біріне көмек қолын созу. Достықты қадірлеу. 3 А сынып оқушылары Сынып жетекшісі: Нурманова Жулдыз

Толығырақ

04.11.2024 в 11:26 Пікір жоқ 58 қаралды

Choose Color