Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

“Ұлттық валюта - теңге күні” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп кітапханасында 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай 6 “А” сынып оқушылары, жетекшісі С.Есимбаевамен бірлесе отырып “Ұлттық валюта - теңге күні” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ұлттық теңгенің жалпы тарихымен, оның маңыздылығын, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтермен кітапханашы А.Даулетбаева таныстырып өтті. Оқушылар теңге туралы өз түсініктерін ортаға салды. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымыздың бірі, төл теңгемізді дәріптеу.

Толығырақ

14.11.2024 в 23:01 Пікір жоқ 74 қаралды

«Білім – қымбат қазына»

13.11.2024 жылы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде «Білім – қымбат қазына» тақырыбында Алматы облысы білім басқармасының ауыспалы кубогіне арналған аудандық жайдарман ойыны ұйымдастырылды. Жайдарман ойынының мақсаты білім беру ұйымдарының арасында Жайдарман ойындарын насихаттау, жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету және жастардың қоғамдағы орындарын нақтылау. «Білім- қымбат қазына» атты жайдарман ойынының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша I- орын А.Байтурсынов ОМ «Ұқсамайтын егіздер» тобы II- орын Қ.Қошмамбетов ЖМ «Сүтқоректілер» тобы III- орын Ұлан ОМ «Алаш» тобы III- орын Шалқар ОМ «Шалқарстан» тобы марапатталды. Көрермен көзайымы номинациясымен Балтабай Нұрсултан марапатталды I- орын А.Байтурсынов ОМ «Ұқсамайтын егіздер» тобы облыстық кезеңге жолдама алды. @karasay_bilim_bolim

Толығырақ

13.11.2024 в 22:57 Пікір жоқ 67 қаралды

ДТІЖО Н.Шылманбет мектебіміздің оқушыларына жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

11.11.2024 жылы мектеп мәжіліс залында ДТІЖО Н.Шылманбет мектебіміздің оқушыларына жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы кезінде жол белгілері, бағдаршам т.с.с іс-әрекеттер түсіндірілді. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға шақырды.  

Толығырақ

12.11.2024 в 21:39 Пікір жоқ 64 қаралды

Мектептің өзін - өзі басқару ұйымы білім алушыларды тәрбиелеу мақсатында бейнеролик жолдайды.

Мектептің өзін - өзі басқару ұйымы білім алушыларды өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезіндегі ережелерімен таныстырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге, ой-өрісін, дүниетанымын дамыту, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында бейнеролик жолдайды.

Толығырақ

12.11.2024 в 21:36 Пікір жоқ 67 қаралды

“Ұлттық волюта -теңге” тақырыбында 1-11сынып оқушылары сынып сағатын өтті

15 қараша Ұлттық волюта күніне орай “Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес “Ұлттық волюта -теңге” тақырыбында 1-11сынып оқушылары сынып сағатын өтті. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру еді. Білім алушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту болатын.

Толығырақ

12.11.2024 в 21:29 Пікір жоқ 71 қаралды

“Ұлттық волюта -теңге” тақырыбында 1-11сынып оқушылары сынып сағатын өтті

15 қараша Ұлттық волюта күніне орай “Біртұтас тәрбиебағдарламасының жоспарына сәйкес “Ұлттық волюта -теңге” тақырыбында 1-11сынып оқушылары сынып сағатын өтті. Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру еді. Білім алушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту болатын.

Толығырақ

11.11.2024 в 21:24 Пікір жоқ 79 қаралды

Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында асық, бес тас ойындары ойнатылды

Үзіліс кезінде білім алушыларға “Ұлттық ойын-ұл қазынасы” тақырыбында қазақтың ұлттық ойындары асық ату, бес тас ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында асық, бес тас ойындары ойнатылды.

Толығырақ

11.11.2024 в 21:18 Пікір жоқ 80 қаралды

9»А» сынып оқушысы мен жетекшісін, мектеп ұжымы және оқушылар қарсы алды

Қ.Қошмамбетов орта мектеп базасында 11-қараша күні, Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының үшінші облыстық кезеңінде қазақ тілі пәнінен 2-дәрежелі жеңімпазы 9»А» сынып оқушысы Е.Құдайберген мен жетекшісі қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Омарованы мектеп директоры Б.К.Куанышева, мектеп ұжымы және оқушылар қарсы алып,құттықтау тілектерін білдірді. 

Толығырақ

11.11.2024 в 21:08 Пікір жоқ 64 қаралды

Choose Color