8-сынып оқушыларына “How to motivate myself to study well “ атты тренинг өтті
Ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-сынып оқушыларына “How to motivate myself to study well “ атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты:Оқушыларға өзін-өзі ынталандырудың маңыздылығын түсінуге және жақсы оқуға мотивацияны сақтау үшін жеке ой -өрісін дамытуға көмектесу.Әрбір оқушы өзін еркін ұстауға және қоршаған ортамен қарым-қатынасын қалыптастыруға көмектесу.
Толығырақ22.11.2024 в 21:10 Пікір жоқ 69 қаралды
«Аралас деңгейдегі топтарға арналған ағылшын тілін үйренудегі әдіс-тәсілдер» семинар өтті
Бүгін 20-қараша Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектеп базасында Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің шетел тілі кафедрасымен мектебіміздің ағылшын тілі әдістемелік бірлестігімен бірігіп «Аралас деңгейдегі топтарға арналған ағылшын тілін үйренудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Мақсаты - мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, шет тілін оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді талдау, оқушылардың аралас деңгейлі топтарда оқыту мәселелерін анықтау мен талқылау және осы мәселелердің тәжірибелік шешу жолдарын ұсыну.
Толығырақ20.11.2024 в 21:06 Пікір жоқ 73 қаралды
«Теңге – ұлттық құндылығымыз» тақырыбында мектепшілік пікірсайыс ойыны өткізілді
«Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» 15 қараша күні «Теңге – ұлттық құндылығымыз» тақырыбында мектепшілік пікірсайыс ойыны өткізілді. Дебат АПФ форматта өтті. Дебат мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру, туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту. Теңгені – шығу тарихын дәріптеу, жастардың көзқарасын қалыптастыру. Пікірсайыс қорытындысы бойынша: 1-орын «Зейін» фракциясы 2-орын «Сұңқар» фракциясы 3-орын «Ниет» фракциясы иемденді. Пікірсайыс соңында төреші «Зейін» фракциясының өнерін жоғары бағалап, оқушыларға алдағы пікірсайыстарда сәттілік тіледі. Пікірсайыс ойыны ол бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеуге, қаншалықты шынайы ақпарат егендігін негізге ала отырып шешімдерін қабылдаймыз. Жас ұрпаққа заман талабына сай бәсекелестікке бейімделіп отырған аудандық пікірсайыс алдағы отырған аудандық пікірсайыс алдағы уақытта да жетер жетістіктері биік деп сенеміз! Іс шараны өткізуші: тарих пәнінің мұғалімі А.Нышанов, Г.Жуматаева
Толығырақ20.11.2024 в 20:29 Пікір жоқ 64 қаралды
“Квадробинг-заман дерті” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде 5-11 сыныптар аралығында “Квадробинг-заман дерті” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: қазіргі кезде жастар арасында болып жатқан адамдардың жануар кейпіне өзгеруін тоқтату және зиянды әдеттерден аулақ болу.
Толығырақ20.11.2024 в 20:24 Пікір жоқ 74 қаралды
«Білімдіге дүние жарық» тақырыбында іс – шара өтті
16.11.2024жылы мектеп мәжіліс залында 4 сынып ата –аналарымен Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында іс – шара өтті. Іс - шараның мақсаты баланың жеке басын дамытудағы мектепке бейімделуінің маңызы. Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым –қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері. Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті. Жианлысқа келген ата – аналар барлық тапсырмаларға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы 4 сынып жетекшілері А.Нусупова, Э.Сейтжанова, А.Бөгенова, Г. Хасанова, Б.Султанмуратова, Ж.Көбегенова, Ж.Балмуханова, А.Байтурсыноваға алғыс білдіреміз.
Толығырақ16.11.2024 в 23:31 Пікір жоқ 62 қаралды
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына ерекше шақыртуы.
Толығырақ16.11.2024 в 23:28 Пікір жоқ 76 қаралды
Буллинг кибербуллинг тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді
14.11.2024жылы мектеп мәжіліс залында “Жас полиция көмекшісінің жоспарына сәйкес 6 сынып оқушылары мен және Жас полиция көмекшісінің жетекшісі И. Ибрагимов пен тарих пәні мұғалімі А.Игілік Буллинг кибербуллинг тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында балалар арасында зорлық -зомбылық туралы слайд көрсетіліп, қосымша мәліметтер берілді. Жиналыс барысында оқушылармен ойын арқылы сұрақтар қойылып, оқушылар пікір алмасты.
Толығырақ16.11.2024 в 23:22 Пікір жоқ 73 қаралды
Oқушыларға діни экстремизм және терроризм туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
11.11.2014 жылы 9-11 сынып аралығындағы оқушыларға діни экстремизм және терроризм туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Террорлық акт болған жағдайда қалай қорғану керек, өзін қалай ұстау керек, қандай нөмірге хабарласу керек деген сияқты ақпараттар берілді. Білім алушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Жиналысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Шылманбетпен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі А. Тукенов өткізді.
Толығырақ16.11.2024 в 23:16 Пікір жоқ 73 қаралды
«Білімдіге дүние жарық» тақырыбында іс – шара өтті
16.11.2024жылы мектеп мәжіліс залында 4 сынып ата –аналарымен Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында іс – шара өтті. Іс - шараның мақсаты баланың жеке басын дамытутағы мектепке бейімделуінің маңызы. Баланың естке сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым –қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері. Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті. Жианлысқа келген ата – аналар барлық тапсырмаларға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы 4 сынып жетекшілері А.Нусупова, Э.Сейтжанова, А.Бөгенова, Г. Хасанова, Б.Султанмуратова, Ж.Көбегенова, Ж.Балмуханова, А.Байтурсыноваға алғыс білдіреміз.
Толығырақ16.11.2024 в 20:15 Пікір жоқ 75 қаралды
“Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас”атты тренинг өтті
Орыс тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен “Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас”атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты: Жас ұстаздың ішкі жан дүниесін ашуға және оқушымен қарым-қатынаста өзін еркін, мәдениетті тиімді қарым-қатынасты сезіне алуға үйрету. Оқушымен ұстаздар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру. Тренинг барысында қаралып шешілген міндеттер: Білу және түсіну: Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру. Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту. Қолдану: Күнделікті мектеп қабырғасында болатын, жағдаяттық мәселені зерттеу әдістерін қолданып, өлшеулер жасай алды. Коммуникативтік дағдылар және рефлексия: Осы жұмыстарын қорытындылап, әртүрлі әдістер ( постер) арқылы қорғады.
Толығырақ15.11.2024 в 23:10 Пікір жоқ 76 қаралды
