Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

“Шырағың сөнбесін” деген қазақта керемет с өз бар!

“Шырағың сөнбесін” деген қазақта керемет сөз бар! Аталы сөз өз иесін табады демекші болашақ жастардың қолында екенін ұғындыру мақсатында, жігерлендіру үшін жасалған ұстаздың ойы. 10”Ә” сыныбы болашақтың сенімді көшбасшылары! Жас қырандар!  

Толығырақ

27.11.2024 в 19:41 Пікір жоқ 98 қаралды

Мақта қыз бен мысық

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес бүгін 26.11.2024ж мектебімізде мектепалды сыныптарының ұйымдастыруымен «Мақта қыз бен мысық» ертегісі сахналанды. Сахналық қойылымның мақсаты: Балаларға ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Балалардың ойлау, қиялдау, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сахналық қойылым қорытындысы бойынша ата-аналар осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жиі ұйымдастарылып тұрса деген ұсыныстар айтты. Ұйымдастырушы мектепалды даярлық сынып мұғалімдері А. Тойшыбаева, Қ.Жарылкаганова Т.Абат, Ж. Өскенбай, И.Жумабекова  

Толығырақ

27.11.2024 в 19:26 Пікір жоқ 99 қаралды

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі

1-4 сынып аралығында «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттарын өтті. Сынып сағатының мақсаты: • Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. • Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. • Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу. «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбы арқылы білім алушылардың қазіргі таңда дүкен сөрелерінде үзілместен үлкен сұранысқа ия болып отырған фаст- фуд, өнімдері, газдалған сусындар, жартылай дайын өнімдердің адам ағзасына келтіретін зиянды жақтарын түсіндіріп, олардың орнын ағзаға пайдалы дәруменге бай тағамдармен алмастыру керек екендігін түсіндіру. Білім алушыларға жалпы тамақтанудың негізгі ережесін және дұрыс тамақтанудың алғышарттары сабақ барысында түсіндіріліп өтілді.

Толығырақ

27.11.2024 в 19:20 Пікір жоқ 78 қаралды

Тазалық жанның айнасы!

“Тазалық жанның айнасы!” осындай қанатты сөзді ұрандатқан 10”Ә” сыныбы кіші қызметкер Ақмарал апайды қуантты! Адамды шынайы қуанта білу тәрбиелі адамның шынайы бейнесі іспетті!

Толығырақ

27.11.2024 в 19:12 Пікір жоқ 68 қаралды

Тазалық жанның айнасы!

“Тазалық жанның айнасы!” осындай қанатты сөзді ұрандатқан 10”Ә” сыныбы кіші қызметкер Ақмарал апайды қуантты! Адамды шынайы қуанта білу тәрбиелі адамның шынайы бейнесі іспетті!

Толығырақ

27.11.2024 в 19:12 Пікір жоқ 69 қаралды

“Мен оқимын, сен де оқы”

Қ. Қошмамбетов ОМ “Оқуға құштар” жобасы аясында үш жылдан астам уақыт бойында мектепішілік “Мен оқимын, сен де оқы” атты кітап оқуға насихаттайтын клуб өзінің кезекті оқылым шығармасын талдады. Қоғамның дертіне айналған жетімдік пен жесірліктің зарын айта отырып тағдыр тәлкегіне түскен әр адамға сабақ болып күш-жігер беретін Ақберен Елгезектің “ Болмаған балалық шақ” шығармасы біздің оқушыларымызға ерекше әсер қалдырды. Талдаудың бір ерекшелігі екі жақты жүргізілді. Қазақ тілі мен тарих пәні ұстаздары қатар оқып оқушылармен жоғары деңгейді өткізілді! Жоба жетекшісі : Омарова Назира  

Толығырақ

26.11.2024 в 21:52 Пікір жоқ 77 қаралды

Бракераж комиссия мүшелері “Қ.Қошмамбетов орта мектебі” асханасына тексеріс жұмыстарын жүргізді

Бракераж комиссия мүшелері “Қ.Қошмамбетов орта мектебі” асханасына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Комиссия мүшелері асхана тазалығын, тамақтың құрамын, дайындау орнын, сақталу орнын, бекітілген ас мәзірі бойынша дайындалған тамақтың дәмі мен құрамдарын тексерді.

Толығырақ

25.11.2024 в 21:44 Пікір жоқ 67 қаралды

Choose Color