Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Арайлы алтын күз

5 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» күзгі балл өтті. Күзгі балл мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу. 5 сынып оқушылары белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Күзгі балл қорытындысы бойынша ● Бас жүлде 5 Д сынып ● 1 орын 5 Е сынып ● 2 орын 5 В сынып ● 3 орын 5 Г сынып Басқа қатысқан сыныптар шебер сынып, өнерлі сынып, шығармашыл сынып номинациясымен марапатталды.

Толығырақ

04.12.2024 в 22:10 Пікір жоқ 78 қаралды

Oқушыларды анықтау мақсатында үй аралау іс-шарасы ұйымдастырылды

Қошмамбет ауылының шет жақта орналасқан Текелі,Нұрали,Жаңақұрылыс көшелерінде оқумен қамтылмаған оқушыларды анықтау мақсатында үй аралау іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараға Жамбыл округінің әкімдігінен мамандар,Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің директоры,мектеп әкімшілігі,мектеп психологы және әлеуметтік- педагог қатысты.Оқумен қамтылмаған оқушылар анықталмады.

Толығырақ

04.12.2024 в 22:06 Пікір жоқ 84 қаралды

Тұлғаны тану деген мақсатпен оқушыларымның даусынан анықтап көрдім!

Шәкірті жоқ ұстаз- мылқау ұстаз,- деген керемет сөз бар. Иа, шәкірт ол ұстаздың жемісі һәм жетістігі! Біліммен қатар тәрбиені де ұстаздан алатын шәкірттерім әрбірі жеке тұлға. Тұлғаны тану деген мақсатпен оқушыларымның даусынан анықтап көрдім! Әр бала менің жалғызым! 10”ә” сыныбы

Толығырақ

03.12.2024 в 21:56 Пікір жоқ 67 қаралды

“Ұстаздар күні” мерекесіне орай волейболдан І орын алғаны үшін Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ұстаздары марапатталады

“Ұстаздар күні” мерекесіне орай волейболдан Жамбыл ауылдық округінің ашық біріншілігінде І орын алғаны үшін Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің ұстаздары марапатталады. Құттықтаймыз!👏🏻  

Толығырақ

03.12.2024 в 12:00 Пікір жоқ 74 қаралды

Жаратылыстану ғылымдары-әлем айнасы

29.11.2024ж «Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты мен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің меморандум негізінде Жаратылыстану бағыты бойынша Қарасай ауданы мектептерінің 8-сынып оқушылары арасында интеллектуалды сайыс болып өтті. Сайыс тақырыбы: «Жаратылыстану ғылымдары-әлем айнасы» Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру,теориялық білімдерін практикада қолдануға дағды қалыптастыру.Оқушының жеке интелектуалдық қасиеттерін жетілдіру,өз бетінше шешім қабылдауға,зерттей білуге үйрету. Сайысты Қарасай ауданы білім бөлімі ММ әдіскері Ж.Жолдыбай ашып берді. Сайыстың әділ қазы мүшелері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен келген Г. Азимбаева химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасының профессоры Г.Медеуова ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты,биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Б.Калиев ғылым магистрі, география кафедрасының аға оқытушысы З.Сарсенбаева Жаратылыстану ғылымдары магистрі, PhD докторант, оқытушы. Сайыс нәтижесінде Жаратылыстану институтының директорының Г.У.Байташева және Қарасай ауданы білім бөлімінің басшысы А.А.Еркінбаеваның I,II,III-дәрежелі дипломдарымен 🥇 Шығыс Қазақстан тобы 🥈 Орталық Қазақстан тобы 🥉 Батыс Қазақстан тобы және Оңтүстік, Солтүстік Қазақстан топтары арнайы номинациялармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын.

Толығырақ

30.11.2024 в 20:38 Пікір жоқ 68 қаралды

«Жақсы көңіл - күй - жанға дауа» атты тренинг өтті

28.11.2024ж «Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі» КММ - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің “Шетел тілдері” кафедрасы мен Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің меморандум негізінде “Ағылшын тілі пәні бойынша Қарасай ауданы мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында аудандық олимпиада» өтті. Олимпиаданың әділ қазы мүшелері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының кондитаты, аға оқытушы Ж.Г Кулекенова, аға оқытушы А.Б Мысекеева, РҺД докторанты Ш.А. Акимбекова , аға оқытушы Ш.У.Султанкулова төрелік етті.Олимпиаданы Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі ММ әдіскері Г.А. Коянова ашып берді. 11 сынып оқушылары ID кодпен listening , writing speaking reading бойынша сыныптарға бөлініп берілген тапсырмаларды орындады. Тапсырма орындау барысында сыныптарда YouTube каналы арқылы ұстаздар тікелей эфирден бақылап отырды. Мектебіміздің математика пәні мұғалімі А.Бекәлі және ағылшын тілі пәні мұғалімі Е.Бердияров оқушыларды алып келген жетекші ұстаздарға «Жақсы көңіл - күй - жанға дауа» атты тренинг өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 🥇Мухаметжанова А -Алмалыбақ ом 🥇Бақыт Ә- Қошмамбетов ом 🥈Кенжеева Б-Абай омг 🥈Тимур А-Қырғауылды ом 🥈Қалдыбекова А-Жамбыл ом 🥈Рамазан Р-АйСаф жеке қыздар мектебі 🥉Русланқызы Е-М.Ғабдуллин ом 🥉Советхан Н-Кемертоған ом 🥉Талгатова А-Ы.Алтынсарин ом 🥉Ғани Д-Абай 2 ом 🥉Оразбек А-Шамалған ЖҚОМ 🥉Имашқызы Ш- Батан ом 🥉Алтынбек- С.Керімбеков ом Жеңістеріңіз құтты болсын!

Толығырақ

30.11.2024 в 20:31 Пікір жоқ 79 қаралды

«Бабалар салған ізімен...» атты тақырыпта сыр сұхбат өтті

Бүгін 27.11.2024 жылы мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі өмір» «Бабалар салған ізімен...» атты тақырыпта сыр сұхбат өтті. Сұхбатымызға қонаққа Қарасай ауданының беделді азаматы көшбасшы тұлға, ауданымыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген Жамбыл ауылдық округінің әкімі: Омербаев Еламан Саматұлы келді. Сұхбатымыздың мақсаты: «жаста болса бас болып, ел ісіне араласып жүрген Еламан Саматұлын жаңа қырларынан көріп, балалық шағында өткен ерекше сәттерін оқушылармен бөлісіп, білім алушыларымызды өмірде кездесетін түрлі сан қилы қиындыққа төтеп беруге шақыру. Сұхбаттаса отырып, өздері таңдаған мамандыққа бейімделуге, өз бетінше ой қалыптастыруға, танымал тұлға мен кейінгі буын арасын байланыстыра отырып, жақын таныстыру, өмірін үлгі-өнеге ету, өмірді сүюге тәрбиелеу болатын. Бүгінгі сұхбат алаңында Еламан Саматұлы біздің оқушылармен өзінің бос уақытында оқитын сүйікті кітаптарымен таныстырып, оқушыларға Мухтар Әуезовтың «Абай жолы» романын, «Бай әке,кедей әке» Роберт Кийосаки , Шэрон Л.Лектор, «Қан мен тер» Әбдіжамал Нұрпейісов, «Табысқа жетудің 7 құпиясы» Аманжол Рысмендиев шығармаларын оқуға кеңес берді. Ұл жігіттерімізді спортпен айналысуға шақырып, мінез құлықтың қалыптасуына ықпал ететін айта отырып рухтандырды. Бүгінгі күні жеткен жетістіктеріне, өмірде алған білімі мен ата - анасының тәрбиесі, сонымен қатар аянбай еңбек етудің нәтижесі екендігін айтты. «Бүгінгі күн - ертеңгі тарих», - демекші осы кездесуіміз мектебіміздің жоғары сынып оқушыларын болашаққа бастайтын сұхбат болды деп ойлаймыз. Шәкірттеріміз Еламан Саматұлының сан түрлі қырларымен танысып, жақсы бір сұхбаттың куәсі болдық. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, еркін, әсерлі сұхбат болды. Сөз соңында шәкірттеріміз еліміздің болашағы үшін сапалы білім алып, осындай беделді тұлғалар секілді аянбай қызмет етуге уәде берді. Мектеп әкімшілігінің атынан Еламан Саматұлына уақыт бөліп келгені үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Толығырақ

27.11.2024 в 20:00 Пікір жоқ 105 қаралды

Қ.Гадылханұлы ҰБТ-ға қатысушыларға арналған ақпараттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2024 жылдың 27 қараша күні ауылымызда орналасқан екі мектептің 11сынып оқушылары мен ата-аналардың бірлескен және Ұлттық тест орталығының маманы Токенбаев Қайсар Гадылханұлымен жиналыс өткізілді. Қ.Гадылханұлы ҰБТ-ға қатысушыларға арналған ақпараттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында білім алушыларға: оқушының құжаты болмаса немесе туу туралы куәлігі болған жағдайда мектеп берген анықтама дұрыс рәсімделмесе, онда оқушы ҰБТ тапсыруға кіргізілмейтіндігі айтылды. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды өзімен бірге алып кіруіне болмайтындығы, тәртіп сақтау керек екендігі айтылды. Тестілеу - бір оқушы- бір компьютер-екі камера қағидаты бойынша тест өткізілетіндігі туралы түсіндірілді. ҰБТ-ның мақсаты – мектепті бітіруші түлектердің негізгі бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергенін анықтау екенін айтып, бағдарламаның негізгі құжат екеніне тоқталып, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалғанын, яғни 2025 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсыратындарына толық тоқталды. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап беріп, жиналыс соңында барлық талапкерлерге ақ жол тілей отырып, таңдаған мамандықтарына оқуға түсіп, білікті маман болып шығуына шын ниетін білдірді

Толығырақ

27.11.2024 в 19:47 Пікір жоқ 92 қаралды

Choose Color