Меню KDT

logo.png?_=1731695312
 "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі"мелекетік мекемесінің "Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


8 (72771) 59-5-31

2024-2025 оқу жылында Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастырылуымен әдістеме отырысы болып өтті. Жиында “Әдістемелік нұсқаулық хат” таныстырылып,нұсқаулық хатта көрсетілген биылғы оқу жылындағы ерекшеліктер мен жаңашылдықтар таныстырылды. ӘБ жетекшілеріне өз бірлестіктерімен отырып талдап, талқылау тапсырылды.

Баланы ақыл мен мейірім арқылы тәрбиелеу

06.12.2024 жылы ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 6- сыныптардың ата-аналарымен “Баланы ақыл мен мейірім арқылы тәрбиелеу” атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: 1. Мүшел жас 2. ⁠Ата -аналар мен балалардың ортақ мүдделері 3. ⁠Жасөспіріммен қалай қарым-қатынас жасау керек 4. ⁠Бір күндік ұрыстың қырық күндік қырсығы бар (Ана мен бала тәрбиесі видео ролик) 5. ⁠Ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты сақтаудың шарты- кешіре білу. Аталған мәселелер бойынша ата-аналар жиналысқа белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті. Тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың жиі болуын ұсынды. Ата-аналар өз қажеттіліктеріне жарайтын ақыл кеңестерді алып және онымен бөлісті.

Толығырақ

10.12.2024 в 22:07 Пікір жоқ 81 қаралды

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында 09.10.2024ж мектебімізде Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай 2 сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың өлеңдерін оқып, өмірбаянына шолу жасады. Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

10.12.2024 в 12:27 Пікір жоқ 94 қаралды

Алтын күз

Мектебімізде бүгін Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Алтын күз» тақырыбында 3 сыныптар арасында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу Оқушылар түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туындылар жасап, өз өнерлерін ортаға салды. Табиғаттың ерекше күйге еніп, алтын түске боялған шағын ерекше бейнелеген мереке көңілімізге жақсы әсер қалдырды

Толығырақ

10.12.2024 в 12:21 Пікір жоқ 102 қаралды

XXI ғасыр көшбасшысы

Мектебімізде «XXI ғасыр көшбасшысы» 4 сыныптар арасында математикалық интеллектуалды сайыс өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Сонымен қатар,бұл сайыс оқушылар арасында математикалық пәнге деген қызығушылықты ояту,математикалық тапсырмаларды шешуде тапқырлық пен табандылықты насихаттау,командалық жұмысқа баулу.Сайыс барысында қатысушылар түрлі математикалық тапсырмалар мен логикалық сұрақтарға жауап бере отырып,өздерінің ойлау жылдамдығы мен білімдерін көрсетуге мүмкіндік алды.Сайыс нәтижесінде әрбір қатысушы математиканың қызықты әлеміне тереңірек үңіліп,өз білімін жаңа деңгейге көтере алды. Бас жүлде- 4”Ә” сынып оқушысы Кайратов Б 1 орын - 4 “В” сынып Турагельдиев Е. 2 орын -4 “Ғ” сынып Берікқалиұлы З. 3 орын-4 “Д” сынып Құрбанбай Н. Бүгінгі сайысқа қатысқан әрбір оқушыға оқуда сәттілік пен жеңістер тілейміз. 

Толығырақ

09.12.2024 в 21:50 Пікір жоқ 80 қаралды

Бастауыш сыныпта STEAM оқытудың тиімді практикасы

04. 12. 24 ж. Бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен „ Бастауыш сыныпта STEAM оқытудың тиімді практикасы” тақырыбында жас мамандарға тренинг өткізілді. Максаты:бастауыш мектепте STEAM оқытуды жүзеге асыру, STEAM компоненттерімен таныстыру болды. Тренинг спикері арнайы курстан өткен бастауыш сынып мұғалімі: Қожахметова Индира Имангалиевна

Толығырақ

09.12.2024 в 21:34 Пікір жоқ 75 қаралды

Әжем үйреткен...

Бүгін мектебімізде “Даналық мектебінің” жоспарына сәйкес Әжелер мектебінің “Әжем үйреткен...” тақырыбында және Аталар мектебінің “Ата кәсіп- берекенің бастауы” тақырыбында танымдық, шеберлік тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты: Жанұядағы әже мен ата, немере арасындағы қарым -қатынасты нығайту. Әжеге, атаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру.Баланы кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. Келген ата әжелеріміз білім алушыларға қазақтың тәлім тәрбиесін үлгі етіп, олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалануға шақырды. Дана халқымыздың қонақжайлылығын атап өтіп, мол дастарханымен таныстырды, әрқашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін халық екенімізді де өскелең ұрпаққа айтып берді. Тәрбие сағаты барысында салт- дәстүрден сұрақтар қойылып, оқушылар өздері білмеген сұрақтарға жауап алды.

Толығырақ

06.12.2024 в 22:31 Пікір жоқ 70 қаралды

Көңілді үзіліс

Сабақ арасында үзілісті тиімді пайдалану,оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру және оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу мақсатында “Көңілді үзіліс” айдары ұйымдастырылды.

Толығырақ

05.12.2024 в 22:24 Пікір жоқ 74 қаралды

“I’m a polyglot” атты тренинг өтті

Ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен 20.11.2024 мұғалімдерге “I’m a polyglot” атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты - бірнеше тілдерді оқытудың кереметтігі мен оны үйретудің маңыздылығы жайлы түсіндіру. Бұл семинар арқылы қатысушылар жаңа тілдерді оқып, үйренеді және оларды практика жүзінде қолданады.

Толығырақ

05.12.2024 в 22:18 Пікір жоқ 75 қаралды

6 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» күзгі балл өтті

6 сыныптар арасында «Арайлы алтын күз» күзгі балл өтті. Күзгі балл мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу. 6 сынып оқушылары белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Күзгі балл қорытындысы бойынша ● Бас жүлде 6 Есынып ● 1 орын 6 Ғ сынып ● 2 орын 6 Ә сынып ● 3 орын 6 Г сынып Басқа қатысқан сыныптар шебер сынып, өнерлі сынып, шығармашыл сынып номинациясымен марапатталды.

Толығырақ

05.12.2024 в 22:14 Пікір жоқ 74 қаралды

Choose Color