Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз
Бүгін мектебімізде қазақ ғылымы мен оқу-ағарту қызметі және мәдениетінде өзіндік мұра қалдырған аса көрнекті тұлға - Телжан Шонанұлының туғанына 130 жыл толуына орай 9-сыныптар арасында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалдық сайыс өткізілді. Шараның мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа,елжандылыққа тәрбиелей отырып, өзінің туған жерін шын сүйіп, оның тарихына,тіл біліміне үлес қосқан ,ғалым-педагог,әдебиетші ,қоғам қайраткері Телжан Шонанұлының өмірін мен еңбегін оқып үйрену, шығармашылығымен танысу . Ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Кадырова Жулдыз.
Толығырақ13.12.2024 в 21:13 Пікір жоқ 66 қаралды
Оқуға құштар
Мектепішілік “Оқуға құштар” жобасы аясында 6-сыныптар арасында С. Мұратбековтың “Қылау” әңгімесі талданды. Мақсат: Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіру, шығарманы талдай отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету. Оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, ізденушілік, белсенділік қабілеттерін арттыра отырып өз пікірлерін қорғауға ықпал ету. Ұйымдастырушы - Әбдірәсілова И.С.
Толығырақ13.12.2024 в 21:09 Пікір жоқ 74 қаралды
“Тарих толқынында” атты тақырыппен 8-9 сыныптар арасында өткізілген театрдың іріктеу кезінен.
Өнер сарқылмас байлық, рухани даму! Әлемнің биігіне шыққың келсе өнерлі бол дер едім! Баланың жан азығын табу үшін мұғалім не істемейді десеңші. Театр арқылы баланың жүрегіне жол табу олда бір мектептің болашақ үшін жасаған қадамы дер едім. “Тарих толқынында” атты тақырыппен 8-9 сыныптар арасында өткізілген театрдың іріктеу кезінен. Жоба жетекшісі: Омарова Назира
Толығырақ13.12.2024 в 21:06 Пікір жоқ 68 қаралды
Менің Қазақстаным! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған, Тәуелсіздік таңдары Бақ береді баршаға Көк туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолыма Менің Қазақстаным! Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Толығырақ12.12.2024 в 22:37 Пікір жоқ 77 қаралды
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
11.12.2024ж мектеп мәжіліс залында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2007 шілдедегі «Білім туралы» Заңы «Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 09.12.2024ж №698 бұйрық негізінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында мектепішілік № 379 бұйрық шығарылып, мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге жиналыс өтті. Күн тәртібінде • Мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігін күшейту туралы • Сабақ уақытында, демалыс ойын-сауық орталықтарына , туған күн кештеріне, кинотеатр, мұзайдынына т.б мектептен тыс орындарға оқушыларды алып баруға тыйым салу туралы • Оқушылардың ұялы телефондарын сабақ уақытында пайдаланбау және жинау туралы • Оқушылардың тәртібі туралы • Мектеп қабырғасында ақша жанауға тиым салу туралы.
Толығырақ12.12.2024 в 22:32 Пікір жоқ 76 қаралды
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні құтты болсын! Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. 2”Д” сыныбы
Толығырақ12.12.2024 в 22:25 Пікір жоқ 73 қаралды
Мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымы!
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз! Мықты болсын еліміздің керегесі. Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаған. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымы!
Толығырақ12.12.2024 в 21:01 Пікір жоқ 72 қаралды
Көк байрағым желбіреп, Тәуелсіздік таңы атты!
Көк байрағым желбіреп, Тәуелсіздік таңы атты! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні-тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесімен!
Толығырақ10.12.2024 в 22:21 Пікір жоқ 82 қаралды
Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі!
09.12.2024 ж күні мектебімізде 1-11 сынып аралығында “Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі!” атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын тереңірек ашу, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Тәуелсіздік ұғымының мән-мағынасын ұғындыру, оны бағалауға, қорғауға тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Толығырақ10.12.2024 в 22:16 Пікір жоқ 73 қаралды
«Зорлық–зомбылықтың әсері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді
5-сыныптар арасында «Зорлық–зомбылықтың әсері» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлық-зомбылыққа қарсы ҚР Республикасының конституциясына сәйкес заңнамаларға қысқаша шолу жасау. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адамгершілік қасиеттерін сақтауға, әдепті,тәртіпті тұлға болып жүрулеріне бағыт бағдар беру
Толығырақ10.12.2024 в 22:12 Пікір жоқ 73 қаралды
